Жобаның атауы: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында қуаты 12 МВт күн электр станциясының құрылысы.
Жұмыс орындарын құру: құрылыс кезінде 80 жұмыс орны, 10 тұрақты жұмыс орнына дейін.
Қызмет түрі:
энергетика; жаңартылатын энергетика
және электр энергиясын беру
тұтынушыларға электр энергиясын сату
тұрғын үйлер мен тұрғын емес ғимараттарды салу
көтерме, бөлшек және комиссиялық сауданы ұйымдастыру
коммерциялық және сыртқы экономикалық қызмет
инвестициялық және маркетингтік қызметтер
күн элементтерін өндіру жөніндегі қызмет
Тараптардың қатысу үлесі:
«Каспий» ӘКК » АҚ-25%;
«Эйсэм Казахстан» ЖШС-51%;
«West Caspian Group» ЖШС-24%.
Мәртебесі:
Директорлар кеңесінің шешімімен «ЭйСиЭм Казахстан» ЖШС және «West Caspian Group» ЖШС-мен жаңартылатын энергия көздері саласында бірлескен жобаны іске асыру келісілді.
Жобаны іске асыру үшін «Каспий «ӘКК» АҚ Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы алаңы 30 га жер учаскесі 49 жылға жалға берілді. Инвестор алдын ала ТЭН әзірледі.
2018 жылғы 20 наурызда инвестор қытайлық Индустрияландыру Банкінен және «Sinosure»сақтандыру агенттігінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге келісім алды.
Қазіргі уақытта «МЭБК» АҚ-мен және «KEGOC» АҚ-мен және келісім-шарттың EPC келісімі бойынша кейіннен келісу үшін қуатты беру схемасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.