«Ауыл аманаты» жобасы: Маңғыстау облысындағы ауыл тұрғындарын қолдау үшін микрокредиттер арқылы ауыл шаруашылығын дамыту
- «Ауыл аманаты» жобасы.
2022 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын» бекітті. Бағдарлама аясында негізінен ауылдық жерлерде тұратын тұрғындардың өмірін жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды.
Маңғыстау облысы бойынша жобаны жүзеге асыруға 1 200 000 000 теңге бөлінді. Ауыл тұрғындарының кірісін арттыру жобасының ауқымын кеңейту үшін ауыл тұрғындарына шағын несие түрінде қаражат беріліп отыр. Жоба аясында 6 аудан – Бейнеу, Түпқараған, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия және Ақтау қаласының іргесіндегі Өмірзақ ауылы, сондай-ақ Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Теңге, Рахат, Кендірлі ауылдары қатысуда.
Қоғам өз өкілеттіктері аясында және аудан әкімдіктерінің өкілдерінен түскен өтініштер бойынша 1 541 828 640 теңгеге 204 өтінішті қабылдады. Оның ішінде Несие комиссиясы жалпы сомасы 1 200 000 000 теңгені құрайтын 165 өтінішті қарап, мақұлдады:
– Бейнеу ауданы (361 642 700 теңгеге 58 өтініш);
– Маңғыстау ауданы (186 050 000 теңгеге 22 өтініш, соның ішінде 1 кооператив);
– Мұнайлы ауданы (261 751 734 теңгеге 36 өтініш);
– Қарақия ауданы (85 900 000 теңгеге 13 өтініш);
– Түпқараған ауданы (87 161 600 теңге сомасына 11 өтініш);
– Жаңа Өзен (200 293 966 теңге сомасына 23 өтініш, соның ішінде 2 кооператив);
– Ақтау қаласы (17 200 000 теңге сомасына 2 өтініш);
Мал шаруашылығы – 811 800 000 теңге 113 жоба:
- Түйе – 509 бас
- Жылқы – 323 бас
- ІҚМ – 79 бас
- МҰМ – 1 461 бас
- Құс – 2500 бас
Егін шаруашылығы – 65 400 000 теңге – 6 жоба
2 жоба – ашық жер
4 жоба – жылыжай
Прочие услуги – 322 800 000 теңге 46 жоба;
Несие берудің шарттары:
Несие беру бағыттары:
- Мал шаруашылығы бағыты бойынша;
- Өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша;
- Балық шаруашылығы бағыты бойынша;
- Ауыл шаруашылық кооперативін ашу.
- Құс шаруашылығы бағыты бойынша;
- Сатып алу –сатуды қоспағанда, ауыл шаруашылығына жатпайтын өзге де бағыттар бойынша;
Несие беру мерзімі және пайызы:
- Негізгі несие мерзімі – 5 (бес) жылға дейін;
- Мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін несие мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
- Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2,5% құрайды. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 12 айға дейін қарастырылған.
Несиенің ең жоғары сомасы:
- Жеке кәсіпкерлерге (жаңадан құрылған) – 9 830 000 теңге дейн;
- Кооперацияны дамытуға (тек кооперацияларға) – 31 456 000 теңге дейн.
Негізгі талаптар:
- Несие алушының ауыл мекенінінде тіркеліуі кемінде 12 ай болуы;
- Үй, пәтер немесе басқада нысандар авариялық жағдайда болмауы және салынған жылы 50 жылдан жоғары болмауы тиіс;
- Жылжымайтын мүліктер өзгерістері заңдастрылыуы керек;
- Малдың басы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қорында тіркеуде болуы.
Несиеге үміткерлер:
- жұмыссыздар;
- дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер;
- отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
- сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
- «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кооперативі);
ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер.
Байланыстар:
+7 (7292) 291-148, 291-147,291-145,291-150