Маңғыстауға әлеуметтік маңызды азық-түлік жеткізу жалғасуда
Ағымдағы жылғы 23 қаңтар күні Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсімін тежеу мақсатында тұрақтандыру қоры белсенді жұмыс атқаруда. 3 ірі сауда желісіне яғни 12-шағын аудан мен Шығыс-2 шағын ауданында орналасқан «Анвар» гипермаркетіне 1451,6 келі картоп және «Дина» гипермаркетіне 2809,6 келі картоп жеткізілді.
Ақтауда облыстық және қалалық халықтық бақылау мониторингтік топ мүшелері «Анвар» мен «Дина» супермаркеттерін кезекпен аралады . Тұрақтандыру қорынан алынған ӘМАТ тауарларының бағасын қарады. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ азық-түлік департаментінің директоры Қайроллин Еркебұлан қазіргі сәтте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бір қалыпты ұстап тұру маңызды екенін мәлімдеді.
– Бүгінде картоп бағасы күрт өсіп кетуіне байланысты тұрақтандыру қорындағы азық-түлікке тауарлық интервенция жасаудамыз. Ақтау қаласына және аудандар мен өзге қалалардан картоп, қырыққабат секілді өнімі секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жүргізілуде. Тұрақтандыру қорынан картоптың келісін 160-168 теңгеден алып, сауда желілері он пайыз үстеме қосып сатып жатыр. Халық картопты тиімді бағада «Аман», «Дина»,«Дана», «Алтын фуд» сынды сауда желілерінен ала алады. Егерде негізсіз баға көтерген болса тұтынушылар біздің Қоғамға немесе жергілікті әкімдікке хабарласа алады.
Айта кетсек, мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында, Ақтау қаласының Халықтық бақылау мониторингтік топ мүшелері Асар-С сауда базарында орналасқан көкөніс сататын 2 кәсіпкерге және 12 шағын ауданда орналасқан Анвар супермаркетіндегі ӘМАТ тауарларына қатысты акт жасақталып, Маңғыстау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жолданды.
Азық-түлік қауіпсіздік департаменті
Стабфонд жөнінде байланыс телефоны: +7 (7292) 291 146, 291 142, 291 144