2025 жылғы 27 наурызда “Хуанэн” қытай корпорациясының Ақтау қаласына сапары өтті, оның шеңберінде “Каспий “ӘКК” АҚ өкілдерімен және Маңғыстау облысы әкімдігінің салалық басқармаларымен кездесу өткізілді.

28.03.2025

Кездесу барысында “Хуанэн” халықаралық операциялар жөніндегі басшысы Чжу Сючжин жасыл технологияларды әзірлеу мен енгізуді, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілерін салуды және шөлді өңірлердегі экожүйелерді қалпына келтіруді қоса алғанда, Компания қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Корпорация экологиялық тепе-теңдікті белсенді түрде қолдайды, бұл Қытай үкіметінің экологиялық қауіпсіздік пен климаттың өзгеруіне қарсы стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Тараптар өзара тиімді әріптестік пен Қазақстанда инновациялық жобаларды іске асыру үшін перспективалар ашатын жасыл технологиялар мен орнықты даму саласында одан әрі ынтымақтастық, сондай-ақ тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.