АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АВТОБУС ПАРКІН ЖАҢАРТУ

Аталған жоба «КаспийАвтоПарк» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылуда. «Каспий» ӘКК» АҚ-ның 05.08.2019 жылғы  №03-05/77 шешімімен «Ақтау қаласының аппараты» ММ, «Каспий» ӘКК» АҚ және «КаспийАвтоПарк» ЖШС бірлесіп «Ақтау қаласының автобус паркін жаңарту» жобасын іске асыруға келісті.

Жоба 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асады. Жоба барысында 36 жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Жоба құны 721, 8 млн теңгені құрайды.

«Каспий» ӘКК» Ақ-ның жобадағы үлесі -  216, 5 млн  теңге лизинг шартының 30% мөлшеріндегі аванстық төлем. Лизинг сомасы – 505,2 млн теңге. Лизинг шартының мерзімі – 7 жыл, Жылдық сыйақысы – 7%.

Там. 5, 2019