Біздің миссия

Мемлекет пен бизнестің әріптестік қағидаттары негізінде Маңғыстау өңірінде әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.

Біздің мақсат

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және өңірдегі кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігін ынталандыру.

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысына сәйкес «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы “Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы екі акционерлік қоғамға – “Каспий “Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы “Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамына және “Атырау “Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы “Ұлттық компаниясы”акционерлік қоғамына бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

    «Каспий» ӘКК» акционерлік қоғамының қызмет түрлері:

  • Кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру
  • Инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру
  • Инвестициялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
  • Әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
  • Инвестициялық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру
  • Экономиканың түрлі секторларына субсидиялар бөлу

ҚҰРЫЛЫМ

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

Директорлар Кеңесінінің Төрағасы

Қилыбай Нұрдаулет Игілікұлы

Маңғыстау облысының әкімі

Директорлар Кеңесінің мүшелері

Ізбергенов Ербол Күрентайұлы

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары

Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Беисов Бекнұр Толегенұлы

«Каспий» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы

Директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшелері

Мұстапаев Рашит Тұранұлы

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры

Адеков Нұрлыбек Қыдыргалиевич

ТОО «Ай-Ди» Строй, Директор кеңесшісі

БАСҚАРМА

Беисов Бекнұр Төлегенұлы

«Каспий» ӘКК» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы

Ермагамбетов Үмітбек Асқарұлы

Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары

Бекарысова Жадыра Бекарысқызы

Басқарма Төрағасының орынбасары

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАР

«Индустриальный парк Мангистау» ЖШС

Қызмет түрі: Нысанды жалға беру, жылжымайтын мүлікті басқару, қызметтерді ұсыну. Өндірістік және кеңсе үй-жайларын, жер учаскелерін, вагондар мен рельстерді сақтайтын қоймаларды, мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарларды, тіреуіштерді тиеу-түсіру, темір жолдармен жүк көтергіш крандарды ұсынады.


Директор: Беришбаев Жарас Саинович


ӘКК үлестік қатысуы: 97,8%


Мекенжай: Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Промзона, а/ж 579


Байланыс: +7 (7292) 20-25-55, 20-25- 63, +7 (7292) 202-500, +7 778 304 3113, +7 771 772 4004

СЕРІКТЕСТЕР

«Каспий Аруана» ЖШС

Жобаның мақсаты: Аруана түйелерінің асыл тұқымды басын алу және оларды молайту жобасын бірлесіп жүзеге асыру. Жоба асыл тұқымды мал басын көбейтуге, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы саласының рентабельділік деңгейін арттыруға жол береді. Қазіргі таңда асыл тұқымды Аруана аналық түйесінің 300 басы сатып алынды.


ӘКК үлестік қатысуы: 49%


Мекенжай: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Сарынияз ауылы