Хабарландыру

1.    Жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімі бар және кемінде 5 жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде сатып алу саласындағы сатып алуды бақылау қызметінің қызметкері және ұйымның бейініне сәйкес заңнамалық және экономикалық қызмет түріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
         сондай ақ мына салалардағы білімінің болуы:
         - ұйым қызметінің ерекшелігін білу, мінсіз іскерлік беделінің және ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттері мен дағдыларының болуы,
         - ұйымның өндірістік және шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік - техникалық материалдар, экономиканың даму заңдылықтары мен ерекшеліктері;
        - сатып алуды жүзеге асыру ережелері;  
        - бизнесті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, іскерлік қарым-қатынас этикасы, қаржылық операцияларды ресімдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі, есепке алу мен есептіліктің қолданыстағы нысандары, экономика негіздері, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызмет саласының ерекшеліктері.
                        (Тұрақты бос жұмыс орны, жалақысы 752 500,00 теңгеге дейін)
 
        2.    Стратегия және тәуекел менеджменті департаментінің бас экономисі 
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) қаржы - экономикалық білімі бар және қаржы және экономикалық қызмет саласындағы мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар. 
сондай ақ мына салалардағы білімінің болуы:
          - қаржылық және кассалық жоспарларды, кредиттік өтінімдер мен сметаларды жасау тәртібі, айналым қаражатын нормалау;
          - бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі, қаржылық есеп айырысу тәртібі мен нысандары, ұйымның қаржылық қызметі туралы белгіленген есептілік, оны жасау тәртібі мен мерзімдері;
        - қаржыландыру, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелеу тәртібі, қарыз қаражатын тарту және өз қаражатын пайдалану, бағалы қағаздарды шығару және сатып алу, қаржы ресурстарын бөлу тәртібі;
        - қаржы ағындарын басқаруды қамтамасыз ететін қаржылық әдістер жүйесі;
       – ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау, ішкі шаруашылық резервтерді анықтау әдістері;
      - қаржылық жұмысты ұйымдастыру бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдар;
      - кәсіпорынның құрылымы, оның даму стратегиясы мен болашағы, ішкі ережелері мен нұсқаулары;
     - еңбек заңнамасы, еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.
 
                          (Уақытша бос жұмыс орны, жалақысы 577 500,00 теңгеге дейін)  
 
 
             3.   Инвесторлар мен кәсіпкерлерді сүйемелдеу қызметінің бас маманы, (кредиттік менеджер) тиісті білімі бойынша жоғары заң және экономикалық білімі бар, ұйым қызметінің ерекшелігін білетін және мамандығы бойынша банктерде немесе қаржы ұйымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы шарт.
               сондай ақ мына салалардағы білімінің болуы:
            - қаржылық жұмысты ұйымдастыру бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдар;
           – ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау, ішкі шаруашылық резервтерді анықтау әдістері;
            - кәсіпорынның құрылымы, оның даму стратегиясы мен болашағы, ішкі ережелері мен нұсқаулары;
           - клиентпен қарым-қатынас жасау;
            - ұсынылған құжаттардың нақтылығы мен дұрыстығын талдау;
           - клиенттің құжаттарын қабылдаудың белгіленген рәсімін сақтау;
           - жылжымайтын/жылжымалы мүлікке, орналасқан жеріне, мүліктің жай-күйіне қатысты келіп түсетін ақпараттың үздіксіз мониторингін жүзеге асыру,
            - ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарын сақтау.
                         
                  (Уақытша бос жұмыс орны, жалақысы 507 500,00 теңгеге дейін)  
 
 
           Түйіндемені info@caspiy.kz электрондық поштасы арқылы жолдау немесе қолма-қол Ақтау қаласы, 4А шағын аудан, №19 ғимарат мекен-жайына әкеліп тапсыру қажет.

Қыр. 20, 2023