"Ауыл аманаты" жобасы ел Президентінің ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Жалпы бағдарлама шеңберінде несие 5 жылға, ал мал шаруашылығын несиелеуге 7 жылға дейін беріледі. «Ауыл аманаты»бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер 8,6 млн теңгеге дейін, ал кооперативтерді дамытуға 27,6 млн теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар. Негізгі талап-қарыз алушының кепілдік мүлкі болуы керек. Шілде айынан бастап Каспий ӘКК АҚ алаңында кредиттік қаражат беруге құжаттарды қабылдау басталды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 438 001 600 теңгеге 58 өтінім қабылданды. Оның ішінде 11 өтінім қаралды, 8 өтінім мақұлданды.
Там. 12, 2023