«Каспий» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам, ӘКК) ӘКК-ның келесі объектілерін мүліктік жалдауға беру бойынша тендер gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетіндігі туралы хабарлайды:
- Ақтау қаласы 2 ш/а, №43, №44 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 24 м².
- Ақтау қаласы 3 ш/а, №28, №138 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 24 м²;
- Ақтау қаласы 4 ш/а, №58, №62 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 24 м²;
- Ақтау қаласы 9 ш/а, №29 үй жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 24 м².
- Ақтау қаласы 11 ш/а, №31, №37 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 24 м².
- Ақтау қаласы 15 ш/а, №35 үй жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 24 м².
-
Жоспарланған тендер өткізу күні: 2023 жылғы 8 маусым сағат 12:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша).
Ең төменгі жалдау ақысы мен кепілдік жарна сайтта кестеге сәйкес көрсетілген.
Тендерлік шарттар:
1) Тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде өткізіледі;
2) Мүліктік жалдау мерзімі - объектіні қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай;
3) Мүліктік жалдау шартын жасасу мерзімі: тендер өткізілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.
4) Жеңімпазға енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектісінің пайдаланғаны үшін төлемақының есебіне есептеледі;
5) Жалға берушінің уәкілетті өкілдері тұлғасында мүліктік жалдау шарты талаптарының және қолданыстағы заңнаманың сақталуын тексеру тұрғысында оларды мерзімді қарап-тексеру мақсатында объектіге кіруге құқығы бар. Тексеру жалдаушының жұмыс күні ішінде кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін;
6) Жалға алушы объектіні жалға берушіге қайтарған сәтке дейін толық жарамды және тиісті санитарлық жағдайда ұстауға, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты болуға міндетті;
7) Жалға алушы мүліктік жалдау шартына қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде өз есебінен сауда павильонын қоса берілген эскизге (№2 қосымша) сәйкес келтіруге міндетті (аталған тармақ тек мобильді сауда павильондарына қатысты);
8) Мүліктік жалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде (не қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін) жалға берушінің жазбаша келісімімен жүргізілген бөлінбейтін жақсартулар олардың құнын өтемей жалға берушінің меншігіне өтеді;
9) Жалға алушы берілген нысанның сақталуына тиісті шаралар қолдануға міндетті;
10) Жалға алушы объектіні ұстауға және оны пайдалануға байланысты туындайтын шығыстарды көтереді;
11) Объектіні жалдаушының кінәсінен пайдалануға жарамсыз күйге келтірген жағдайда өз қаражаты есебінен толық қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға міндетті;
12) Жалға алушы авариялық жағдайлар туындаған жағдайда жөндеу-пайдалану ұйымы, авариялық-техникалық қызметтер қызметкерлері мен жалға беруші өкілдерінің нысанға дереу кіруін қамтамасыз етуге және олардың салдарын өз есебінен жоюға міндетті;
13) Жалға алушы, егер ақаулар авариялық жағдайдың туындауына әкеп соғуы мүмкін болса, жалға берушіге объектідегі барлық ақаулар туралы дереу хабарлауға міндетті;
14) Жалға алушы күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жалға берушіні мүліктік жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу және объектіні босату туралы жазбаша хабардар етуге міндетті;
15) Мүліктік жалдау шарты объектінің мүліктік жалдауды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негіз болып табылады;
16) Жалға алушының объектіні басқару жөніндегі құқықтары мен міндеттері жалға алушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша берілген сәттен бастап туындайды;
17) Мүліктік жалдау үшін төлемге коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, жалдау объектісіне қызмет көрсету үшін төлемдер енгізілмейді. Коммуналдық төлемдерді жалға алушы Жалға берушінің шот-фактураларына сәйкес төлейді;
18) Жалдау ақысы ай сайын әр айдың 5 күнінен кешіктірілмей төленеді;
19) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату үшін бұрыш бөлу;
20) Мобильді сауда павильонына электр қуатын өткізу шартымен жалға алушы үш айға жалдау ақысынан босатылады (аталған тармақ Ақтау қаласы, 3 ш/а, 4 ш/а, 11 ш/а, және 15 ш/а мекенжайларында орналасқан мобильді сауда павильондарына ғана қатысты).
21) Сыртқы немесе ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізген жағдайда жалға алушы бір ай мөлшерінде жалдау ақысынан босатылады. (аталған тармақ Ақтау қаласы, № 2 ш/а., 3 ш / а., 11 ш/а. және №15 ш/а. мекенжайларында орналасқан мобильді сауда павильондарына ғана қатысты).
Толық ақпарат алу үшін 8 (7292) 53-53-53, 53-53-34, 53-53-28, 53-53-50 телефондары немесе «Каспий» ӘКК» АҚ: Ақтау қаласы, 4 ш/а №19 ғимарат мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
№ |
Нысанның атауы |
Ең төменгі жалдау ақысы, теңге |
Кепілдік жарна, теңге |
1 |
2 ш/а, №43,№44 үйлер жанындағы мобильді сауда павильон |
65 205,00 |
65 205,00 |
2 |
3 ш/а, №28, №138 үйлер жанындағы мобильді сауда павильон |
37 260,00 |
37 260,00 |
3 |
4 ш/а, №58, №62 үйлер жанындағы мобильді сауда павильон |
37 260,00 |
37 260,00 |
4 |
9 ш/а, №29 үй жанындағы мобильді сауда павильон |
65 205,00 |
65 205,00 |
5 |
11 ш/а, №31, №37 үйлер жанындағы мобильді сауда павильон |
37 260,00 |
37 260,00 |
6 |
15 ш/а, №35 үй жанындағы мобильді сауда павильон |
37 260,00 |
37 260,00 |
Мамыр 30, 2023