«Каспий» ӘКК» АҚ мүлкін мүліктік жалдауға беру туралы хабарландыру

«Каспий» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам, ӘКК) ӘКК-ның келесі объектілерін мүліктік жалдауға беру бойынша тендер gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің     веб-порталында өтетіндігі туралы хабарлайды:

Жалпы ауданы 379,3 м2 әкімшілік ғимарат, Маңғыстау облысының Ақтау қаласында, №1 және «Ротор» гараж – құрылыс кооперативтері ауданындағы  0,0732 га жер учаскесінде орналасқан, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі 13-200-042-536.

Жоспарланған тендер өткізу күні: 2023 жылғы 27 қаңтар сағат  13:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша).

Ең төменгі жалдау ақысы мен кепілдік жарна сайтта кестеге сәйкес көрсетілген.

 

Тендерлік шарттар:

1)      Тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде өткізіледі;

2)      Мүліктік жалдау мерзімі - объектіні қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай;

3)      Мүліктік жалдау шартын жасасу мерзімі: тендер өткізілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.

4)   Жеңімпазға енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектісінің пайдаланғаны үшін төлемақының есебіне есептеледі;

5)     Жалға берушінің уәкілетті өкілдері тұлғасында мүліктік жалдау шарты талаптарының және қолданыстағы заңнаманың сақталуын тексеру тұрғысында оларды мерзімді қарап-тексеру мақсатында объектіге кіруге құқығы бар. Тексеру жалдаушының жұмыс күні ішінде кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін;

6)      Жалға алушы объектіні жалға берушіге қайтарған сәтке дейін толық жарамды және тиісті санитарлық жағдайда ұстауға, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты болуға міндетті;

7)      Мүліктік жалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде                   (не қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін) жалға берушінің жазбаша келісімімен жүргізілген бөлінбейтін жақсартулар олардың құнын өтемей жалға берушінің меншігіне өтеді;

8)      Жалға алушы берілген нысанның сақталуына тиісті шаралар қолдануға міндетті;

9)     Жалға алушы объектіні ұстауға және оны пайдалануға байланысты туындайтын шығыстарды көтереді;

10)  Объектіні жалдаушының кінәсінен пайдалануға жарамсыз күйге келтірген жағдайда өз қаражаты есебінен толық қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға міндетті;

11)  Жалға алушы авариялық жағдайлар туындаған жағдайда жөндеу-пайдалану ұйымы, авариялық-техникалық қызметтер қызметкерлері мен жалға беруші өкілдерінің нысанға дереу кіруін қамтамасыз етуге және олардың салдарын өз есебінен жоюға міндетті;

12)    Жалға алушы, егер ақаулар авариялық жағдайдың туындауына әкеп соғуы мүмкін болса, жалға берушіге объектідегі барлық ақаулар туралы дереу хабарлауға міндетті;

13)    Жалға алушы күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жалға берушіні мүліктік жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу және объектіні босату туралы жазбаша хабардар етуге міндетті;

14)   Мүліктік жалдау шарты объектінің мүліктік жалдауды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негіз болып табылады;

15)    Жалға алушының объектіні басқару жөніндегі құқықтары мен міндеттері жалға алушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша берілген сәттен бастап туындайды;

16)    Мүліктік жалдау үшін төлемге коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, жалдау объектісіне қызмет көрсету үшін төлемдер енгізілмейді. Коммуналдық төлемдерді жалға алушы Жалға берушінің шот-фактураларына сәйкес төлейді;

17)    Жалдау ақысы ай сайын әр айдың 5 күнінен кешіктірілмей төленеді.

Толық ақпарат алу үшін 8 (7292) 53-53-34, 53-53-28, 53-53-50 телефондары немесе «Каспий» ӘКК» АҚ: Ақтау қаласы, 4 ш/а №19 ғимарат мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Наименование объекта

Минимальная арендная плата за месяц

1

Әкімшілік ғимарат «Ротор» базасы

290 069,68

 

 

Қаң. 19, 2023