Маңғыстау облысында жылыжай кешенін салу.

20.02.2025

Маңғыстау облысында Агроөнеркәсіп саласын дамыту мақсатында 2025 жылдың 18 ақпанында “ӘКК “Каспий” АҚ Басқарма Төрағасы А.Х.Молдагулов пен «К.Ж.Толжанов» Жеке кәсіпкермен кездесуі өтті.

Жоба мақсаты Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында, Маңғыстау аулында көкөніс өсіру үшін заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешенін салу.

Қазіргі таңда Жеке кәсіпкер  жер учаскесін алу сатысында екенін хабарлады. Жобаның жалпы көлемі 10 га аумақта өндірістік жылыжай салынатынын атап кетті. Оның ішінде: 5га жерде жылыжай кешені орналасады және 5га жерде зертхана, қойма әкімшілік-шаруашылық үй-жайлары салынады.

Жобаның маңызды міндеті ауыл тұрғындарының ауыл өндірісінде 200 жұмыс орнын ұйымдастыру.

Заманауи жылыжай кешенінің құрылысы елді мекенге қол жетімді бағамен жаңа және сапалы көкөністерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ұсынылатын өнімдер экологиялық таза және жоғары технологиялық әдіспен өсірілетіні атап өтілді.