“ҮСТІРТ ҮСТІНДЕ” Маңғыстауда бабалардан қалған көне жәдігердің бірі бірнеше ғасырлық тарихы бар құдықтар көп.
Маңғыстауда бабалардан қалған көне жәдігердің бірі бірнеше ғасырлық тарихы бар құдықтар көп. Шыңырау деп те атайды. Маңғыстау даласы қарт Каспийдің жағасына жайғасқанмен тұщы суға тапшы. Кезінде Үстірттің үстіне жайғасып, мал ұстаған аталарымыз тіршілік нәрінің мәселесін шешу үшін 50-60 метр тереңдікте құдық қазып, су тарттан. Құнды құжаттағы мәлімет бойынша «Адай уезінің» айналасында жиын саны 4000 аса шыңырау қазылыпты. Әрине, оны қолданбағасын көбісі көміліп қалды бүгінде. Бірақ, кейбір малшылар әлі де шарапатын көріп, ескі шыңыраудың суымен шаруасын дөңгелетіп отыр. Қара алтынның да қауқары баяғыдай емес… Жұрттың баласы Илон Маск енді жерді тастап, басқа планетадан бизнесін бастап кетті. Мұнайдың жағдайына қарап мұңайғаннан ештеңе өзгермейді. Сондықтан, «көрпеге қарай көсіліп» мал мен егін шаруашылығын қолға алуымыз керек. Осы мақсатта облыс әкімі Серікбай Трұмов бастаған Бекмұрат Жүсіпов, Нұрлан Құлбай, Нұржігіт Нұрболатұлы, Абзал Меңдібайұлы секілді ел азаматтары қоштаған жұмыс тобымен бірге үстірттің үстіндегі жайылым жердің жағдайымен танысып, құдықтардың жай-күйін көріп қайттық. Қысқасы, мал өсіріп, шаруа жасауға шанс бар ма, үстіртің үстінде атакәсіпті қайта түлетуге қаншалықты мүмкін деген сан сұраққа анализ жасалды. Егер, бәрі дұрыс болып, мамандар оң шешімін берсе, алдағы уақытта фермерлерге жер бөлініп, үкімет пен әкімдік тарапынан көмек беріледі.