Қызметкерлер облыс әкімінің алғысын алды

“Каспий” ӘКК” АҚ Басқарма басшысы Бекнұр Беисов жақында өткен ҚР Конституция күні қарсаңында қызметкерлерді облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың алғыс хатымен марапаттады. Алғысқа ие болғандар қатарында Басқарма басшысының орынбасары Ләйлә Алиева, “Маңғыстау индустриалды паркі” ЖШС директоры Еркін Маннанов, бас экономист Ләззат Сақтағанова, активтер мен инвестицияларды басқару департаментінің бастығы Алтынбек Аманчаев, заң және әкімшілік жұмыстар департаментінің бас маманы Өтежан Альбеков бар.

 

Барша әріптесімізді марапатымен құттықтай отырып, қызметіне табыс тілейміз!

Қыр. 15, 2022