Басқарма басшысы тұрақтандыру қорына барды

«Каспий»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма басшысы Бекнұр Бейіс әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлыры тұрақтандыру қорының қоймасына барды. Қазір қоймада 1 181 тонна өнім мен 78 литрге жуық сұйықтық сақтаулы. Солардың ішінде 363 тонна ұн, 17 тоннаға жуық макорон өнімі, 126 тонна ас тұзы, 121 тонна қарақұмық, 457 тонна қант, 95 тонна күріш және 77,9 литр сұйық май бар.

 

Одан бөлек жақын арада тұрақтандыру қорына Тараз қант зауытынан 1017 тонна қант жеткізіледі. Дәл қазіргі сәтте 55 тонна рожкиді вагондардан түсіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары біздің қорда жеткілікті. Халық тұтынатын өнімнің тазалығы мен қоймадағы санитарлық жағдайды назарда, бақылауда ұстау керек. Сондай-ақ келер жылға қажетті сатып алатын өнім көлемін анықтау корпорация үшін маңызды. Әлеуметтік маңызды тауарларды аудан, қалалардағы кәсіпкерлік бөлімдерінің сұраныс хатына сай кәсіпкерлерге сатып келеміз», - деді Бекнұр Төлегенұлы.

Қыр. 15, 2022