Кеңестің күнтәртібінде корпорацияның инвестициялық қызметінің есебі тыңдалды. Сондай-ақ корпорацияның несиелеу жұмысына кепілдік саясатын енгізу мәселелері қаралды.
Өз кезегінде аймақ басшысы "Каспий" ӘКК" АҚ тиімділігін арттыру керектігін атап өтті.
"Каспий" ӘКК" АҚ - облыстың дамуына елеулі үлес қосатын мекеме. Сондықтан мекеменің тиімділігін арттыру керек. Әлеуметтік көрсеткіштердің жоғары болуы сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты, - деді Нұрлан Ноғаев.
Кездесудің қорытындысы бойынша өңір басшысы аталған мекеменің жұмысын жандандыру бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Қыр. 15, 2022