Несие алған кәсіпкер жылыжай салды

Жеке кәсіпкер “Абдуллаева” былтыр Мұнайлы ауданындағы жылыжайын дамытуға, қажетті құрал-жабдық алуға, инфрақұрылымын жақсартуға “Каспий” әлеуметтік-корпорациясы АҚ-дан 6% мөлшерлемемен 7 жылға 20 млн теңге несие алған. Кәсіпкер биыл алғашқы өнімін жинады. Ол 1 гектар жылыжайдан 40 тонна қияр, 30 тонна қызанақ өнім алып отыр. 6 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпкер қияр мен қызанақты көтерме сауда орындарына арзан бағада сатып келеді.

 

Азық-түлік өнімдеріне арналған несие немесе қолдау туралы “Каспий” ӘКК АҚ-ның жобаларды басқару департаменті мамандарынан толық кеңес алуға болады.

Қыр. 15, 2022