2003 жылы біріккен ұлттар ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ковенциясы қабылданып, соның негізінде, 2004 жылдан бастап, «9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күні» ретінде атап өтіледі.
«Каспий «ӘКК» акционерлік қоғамында (әрі қарай - Қоғам) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды тиімді және жүйелі іске асыру мақсатында, 26.07.2022 жылғы Қоғамның директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, комплаенс офицер қызметі құрылып, бір жылдан астам уақыт жұмыс жасауда.
Осы орайда, Қоғам қызметкерлерімен кездесуге«Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекішісі Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлы ортамызға келіп, Басқарма басшылығымен бірігіп, жоғарыда аталған конвенцияның қабылдануы туралы және құқықтық оқыту бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде, Қоғам қызметкерлері Дайрабай Мамашұлына өздерін қызықтырған сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алынды.
Басқарма басшылығы тарапынан, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшлігіне алғыс білдіріліп, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жұмыстарды бірігіп жалғастыруға ұсыныс берілді.
Қар. 30, 2023