Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша "Ауыл Аманаты"жобасын іске асыру басталды

Маңғыстауда шілде айының ортасынан бастап аудандар мен ауылдық округтер әкімдіктерімен бірлесіп "Каспий ӘКК" АҚ сенім білдірілген агенті арқылы шағын несиелендіру бойынша "Ауыл Аманаты" жобасын іске асыру басталды.

 

Бұл жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді,  бұл қаржы орта есеппен 240 жобаға есептелген.

 

88 өтінім келіп түсті

жалпы сомасы 597 млн теңге.

35 өтінім қаралды

жалпы сомасы 267 млн теңге. 

28 өтінім мақұлданды 

жалпы сомасы 215 476 800 млн. теңге.

 

Жоба аясында микрокредиттер сенім білдірілген агент арқылы 5 жылға дейінгі мерзімге берілетін болады, мал шаруашылығы саласында жылдық 2,5% - бен - 7 жылға дейін берілетін болады. 

Микрокредиттің ең жоғары сомасы 8,6 млн теңгені құрайды, ал ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін-27,6 млн теңге. 

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% - дан аспайды.

Қыр. 11, 2023