«Каспий» ӘКК» АҚ 12 жаңа автобус сатып алды

Өңірдің автобус паркін жаңалау мақсатында «Каспий» ӘКК» АҚ SAZ LE 60 маркалы 12 автобус сатып алды. Корпорациясының әлеуметтік жобасы аясында Ақтау қаласындағы №2, №4 және Ақтау-Маңғышлақ бағытындағы №105 қоғамдық көліктер жаңаланады.

 

Әлеуметтік жоба құны 1 444, 4 млн теңгені құрайды. 56 орынды автобустар заманауи үлгіде жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да арнайы орын қарастырылған. Автобустар толықтай GPS –пен қамтылған, қауіпсіздік мақсатында бейнебақылау камералары орнатылған. Жаңа автобустарда толықтай ауа салқындатқыш орнатылған. Сондай-ақ жаңа қоғамдық көліктерде тұрғындар төлемді онлайн жасай алады. Автобустар отандық автоөндіруші «СарыарқаАвтоПром» ЖШС базасында құрастырылған.

 

Жоба аясында 112 жаңа жұмыс орны құрылып отыр. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының аталған жобаны жүзеге асырудағы басты мақсаты – тұрғындарды үздіксіз және қауіпсіз тасымалмен қамтамасыз ету, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту. Сондай-ақ корпорация отандық автоөндірушілерді қолдауды басты бағыттарының бірі санайды.

 

Автобустар ертең, 30-маусымда ел игілігіне берілмек. Бұдан бөлек корпорацияның сатып алған тағы 16 автобусын жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарлап отыр.

«Каспий» ӘКК баспасөз қызметі

Қыр. 15, 2022