Жаңа жұмыс орны: Акционерлік қоғам конкурстық негізде мамандарды жұмысқа қабылдауға әзір

1.Ішкі аудит қызметінің маманы - кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білімі бар ішкі аудит қызметінің қызметкері (аудитор) және қосымша арнайы даярлық, Бухгалтерлік жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және қосымша арнаулы даярлық, бухгалтерлік жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Сондай-ақ:

- ұйымның өндірістік және шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар, шаруашылықтың нарықтық әдістері, экономиканың даму заңдылықтары мен ерекшеліктері;

- қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттары, салықтық есептілік пен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламалары, қаржы, салық және шаруашылық заңнамасы, бухгалтерлік есепті жүргізу және есептілікті жасау тәртібі; ұйымның шаруашылық - қаржылық қызметін талдау әдістері, тексерулер мен құжаттамалық тексерулер жүргізу тәртібін меңгерген болуы керек;

 

- ақша айналымы, несие, баға белгілеу тәртібі, Заңды және жеке тұлғаларға салық салу мәселелері;

- бизнесті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, іскерлік қарым-қатынас этикасы, қаржылық операцияларды ресімдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі, есепке алу мен есептіліктің қолданыстағы нысандары, экономика негіздері, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру;

Тұрақты бос жұмыс орны, жалақы 752 500 теңгеге дейін

 

 

2.Сатып алуды бақылау қызметкері - жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімі бар және кемінде 5 жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде сатып алу саласында және ұйымның бейініне сәйкес заңнамалық және экономикалық қызмет түріндегі басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар, ұйым қызметінің ерекшелігін білетін, ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттері мен дағдыларылар болуы шарт,

Сондай-ақ:

 - ұйымның өндірістік және шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік - техникалық материалдар, экономиканың даму заңдылықтары мен ерекшеліктері; – ұйымның қаржы-экономикалық қызметі саласында оған заңнамамен берілген құқықтар шегінде қосымша білім беру;

 - бизнесті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, іскерлік қарым-қатынас этикасы, қаржылық операцияларды ресімдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі, есепке алу мен есептіліктің қолданыстағы нысандары, экономика негіздері, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызмет саласының ерекшеліктері саласында түсінігі болуы керек

Тұрақты бос жұмыс орны, жалақы 752 500 теңгеге дейін

 

3.Бас заңгер - Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі бар және заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл юолуы керек.

сондай-ақ:

- ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін, бейінін, мамандануын және кәсіпорын құрылымының ерекшеліктерін регламенттейтін әдістемелік материалдар;

- заңнаманың азаматтық, кәсіпкерлік, әкімшілік, қаржы, салық және өзге де салалары, төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама, шаруашылық шарттарын, салалық және өңірлік келісімдерді жасасу және ресімдеу тәртібі;

- құқықтық құжаттар бойынша іс жүргізу стандарттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымы,

қазіргі заманғы ақпараттық техноларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін меңгерген болғаны абзал

Уақытша бос жұмыс орны, жалақы 507 500 теңгеге дейін

Түйіндемені info@caspiy.kz электрондық поштасы арқылы немесе қолма-қол Ақтау қаласы, 4А шағын ауданы, №19 ғимаратқа әкелуге болады

 

 

Мамыр 25, 2023