«Каспий» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам, ӘКК) ӘКК-ның келесі объектілерін мүліктік жалдауға беру бойынша тендер gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетіндігі туралы хабарлайды:
1) Жалпы ауданы 247,3 м2 әкімшілік ғимарат және жалпы ауданы 1 479,9 м2 қойма жайлары, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының «Хазар» гараж-құрылыс кооперативі ауданында 2 га жер учаскесінде орналасқан, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмері: 13-200-058-1179:
- №1 қойма 280,4 м²;
- №2 қойма 280,4 м²;
- №3 қойма 284,7 м²;
- №4 қойма 418,3 м²;
Жоспарланған тендер өткізу күні: 2023 жылғы 23 мамыр сағат 12:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша).
Ең төменгі жалдау ақысы мен кепілдік жарна сайтта кестеге сәйкес көрсетілген.
Тендерлік шарттар:
1) Тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде өткізіледі;
2) Мүліктік жалдау мерзімі - объектіні қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай;
3) Мүліктік жалдау шартын жасасу мерзімі: тендер өткізілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.
4) Жеңімпазға енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектісінің пайдаланғаны үшін төлемақының есебіне есептеледі;
5) Жалға берушінің уәкілетті өкілдері тұлғасында мүліктік жалдау шарты талаптарының және қолданыстағы заңнаманың сақталуын тексеру тұрғысында оларды мерзімді қарап-тексеру мақсатында объектіге кіруге құқығы бар. Тексеру жалдаушының жұмыс күні ішінде кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін;
6) Жалға алушы объектіні жалға берушіге қайтарған сәтке дейін толық жарамды және тиісті санитарлық жағдайда ұстауға, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты болуға міндетті;
7) Мүліктік жалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде (не қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін) жалға берушінің жазбаша келісімімен жүргізілген бөлінбейтін жақсартулар олардың құнын өтемей жалға берушінің меншігіне өтеді;
8) Жалға алушы берілген нысанның сақталуына тиісті шаралар қолдануға міндетті;
9) Жалға алушы объектіні ұстауға және оны пайдалануға байланысты туындайтын шығыстарды көтереді;
10) Объектіні жалдаушының кінәсінен пайдалануға жарамсыз күйге келтірген жағдайда өз қаражаты есебінен толық қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға міндетті;
11) Жалға алушы авариялық жағдайлар туындаған жағдайда жөндеу-пайдалану ұйымы, авариялық-техникалық қызметтер қызметкерлері мен жалға беруші өкілдерінің нысанға дереу кіруін қамтамасыз етуге және олардың салдарын өз есебінен жоюға міндетті;
12) Жалға алушы, егер ақаулар авариялық жағдайдың туындауына әкеп соғуы мүмкін болса, жалға берушіге объектідегі барлық ақаулар туралы дереу хабарлауға міндетті;
13) Жалға алушы күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жалға берушіні мүліктік жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу және объектіні босату туралы жазбаша хабардар етуге міндетті;
14) Мүліктік жалдау шарты объектінің мүліктік жалдауды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негіз болып табылады;
15) Жалға алушының объектіні басқару жөніндегі құқықтары мен міндеттері жалға алушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша берілген сәттен бастап туындайды;
16) Мүліктік жалдау үшін төлемге коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, жалдау объектісіне қызмет көрсету үшін төлемдер енгізілмейді. Коммуналдық төлемдерді жалға алушы Жалға берушінің шот-фактураларына сәйкес төлейді.
17) Жалдау ақысы ай сайын әр келесі айдың 5 күнінен кешіктірілмей төленеді;
Толық ақпарат алу үшін 8 (7292) 53-53-34, 53-53-28, 53-53-50 телефондары немесе «Каспий» ӘКК» АҚ: Ақтау қаласы, 4 ш/а №19 ғимарат мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Кесте
№ |
Нысанның атауы |
Ең төменгі жалдау ақысы, теңге |
Кепілдік жарна, теңге |
1 |
Әкімшілік ғимарат «Хазар» базасы |
378 245,35 |
378 245 |
2 |
№1 қойма |
128 661,54 |
128 662 |
3 |
№2 қойма |
128 661,54 |
128 662 |
4 |
№3 қойма |
130 634,60 |
130 635 |
5 |
№4 қойма |
191 936,96 |
191 937 |
Мамыр 21, 2023