«Каспий» ӘКК» АҚ мүлкін мүліктік жалдауға беру туралы хабарландыру

«Каспий» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам, ӘКК) ӘКК-ның келесі объектілерін мүліктік жалдауға беру бойынша тендер gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің  веб-порталында өтетіндігі туралы хабарлайды:

  1. Азық-түлікке арналған мобильді сауда павильондар саны  5 бірлік:

- Ақтау қаласы 4 ш/а, №58, №62 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м²;

- Ақтау қаласы 6 ш/а, №10, №11 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м²;

- Ақтау қаласы 14 ш/а, №9 үй жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м²;

- Ақтау қаласы 27 ш/а, №25, №26 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м²;

- Ақтау қаласы 28 ш/а, №29 үй жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м².

Жоспарланған тендер өткізу күні: 2023 жылғы 26 қаңтар сағат 12:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша).

Ең төменгі жалдау ақысы мен кепілдік жарна сайтта кестеге сәйкес көрсетілген.

Тендерлік шарттар:

1) Тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде өткізіледі;

2) Мүліктік жалдау мерзімі - объектіні қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай;

3)Мүліктік жалдау шартын жасасу мерзімі: тендер өткізілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.

4)Мобильді сауда павильондар жабдықтармен жабдықталған және жабдықты жалға алу объектінің ең төменгі жалдау ақысына енгізілген (аталған тармақ тек мобильді сауда павильондарға қатысты);

5)Жеңімпазға енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектісінің пайдаланғаны үшін төлемақының есебіне есептеледі;

6)Жалға берушінің уәкілетті өкілдері тұлғасында мүліктік жалдау шарты талаптарының және қолданыстағы заңнаманың сақталуын тексеру тұрғысында оларды мерзімді қарап-тексеру мақсатында объектіге кіруге құқығы бар. Тексеру жалдаушының жұмыс күні ішінде кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін;

7)Жалға алушы объектіні жалға берушіге қайтарған сәтке дейін толық жарамды және тиісті санитарлық жағдайда ұстауға, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты болуға міндетті;

8) Жалға алушы мүліктік жалдау шартына қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде өз есебінен сауда павильонын қоса берілген эскизге (№2 қосымша) сәйкес келтіруге міндетті (аталған тармақ тек мобильді сауда павильондарына қатысты);

9) Мүліктік жалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде (не қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін) жалға берушінің жазбаша келісімімен жүргізілген бөлінбейтін жақсартулар олардың құнын өтемей жалға берушінің меншігіне өтеді;

10)  Жалға алушы берілген нысанның сақталуына тиісті шаралар қолдануға міндетті;

11) Жалға алушы объектіні ұстауға және оны пайдалануға байланысты туындайтын шығыстарды көтереді;

12)Объектіні жалдаушының кінәсінен пайдалануға жарамсыз күйге келтірген жағдайда өз қаражаты есебінен толық қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға міндетті;

13)Жалға алушы авариялық жағдайлар туындаған жағдайда жөндеу-пайдалану ұйымы, авариялық-техникалық қызметтер қызметкерлері мен жалға беруші өкілдерінің нысанға дереу кіруін қамтамасыз етуге және олардың салдарын өз есебінен жоюға міндетті;

14) Жалға алушы, егер ақаулар авариялық жағдайдың туындауына әкеп соғуы мүмкін болса, жалға берушіге объектідегі барлық ақаулар туралы дереу хабарлауға міндетті;

15) Жалға алушы күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жалға берушіні мүліктік жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу және объектіні босату туралы жазбаша хабардар етуге міндетті;

16) Мүліктік жалдау шарты объектінің мүліктік жалдауды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негіз болып табылады;

17)Жалға алушының объектіні басқару жөніндегі құқықтары мен міндеттері жалға алушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша берілген сәттен бастап туындайды;

18)Мүліктік жалдау үшін төлемге коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, жалдау объектісіне қызмет көрсету үшін төлемдер енгізілмейді. Коммуналдық төлемдерді жалға алушы Жалға берушінің шот-фактураларына сәйкес төлейді;

19) Жалдау ақысы ай сайын әр айдың 5 күнінен кешіктірілмей төленеді;

20)Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату үшін бұрыш бөлу (аталған тармақ тек мобильді сауда павильондарға қатысты);

21) Төбеге ішкі жөндеу жүргізу шартымен жалға алушы бір ай мөлшерінде жалдау ақысынан босатылады (аталған тармақ  Ақтау қаласы 27 ш/а. №25, №26 үйлер жанында және 28 ш/а № 29 үйдің жанында орналасқан мобильді сауда павильондарға ғана қатысты).

Толық ақпарат алу үшін 8 (7292) 53-53-34, 53-53-28, 53-53-50 телефондары немесе «Каспий» ӘКК» АҚ: Ақтау қаласы, 4 ш/а №19 ғимарат мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Наименование объекта

Минимальная арендная плата за месяц

1

4 ш/а, №58, №62 үйлер жанындағы  Павильон

66 217,70

2

6 ш/а, №10, №11 үйлер жанындағы  Павильон

67 112,75

3

14 ш/а, №9 үй жанындағы Павильон

66 720,51

4

27 ш/а, №25, №26 үйлер жанындағы  Павильон

65 255,67

5

28 ш/а, №29 үйлер жанындағы  Павильон

65 255,67

 

 

 

Қаң. 18, 2023