«Каспий» ӘКК» АҚ мүлкін мүліктік жалға беру туралы хабарландыру

«Каспий» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам, ӘКК) ӘКК-ның келесі объектілерін мүліктік жалдауға беру бойынша тендер gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің   веб-порталында өтетіндігі туралы хабарлайды:

  1. Азық-түлікке арналған мобильді сауда павильондар саны  6 бірлік:

- Ақтау қаласы 4 ш/а, №58, №62 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м²;

- Ақтау қаласы 5 ш/а, №24, №26 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м²;

- Ақтау қаласы 6 ш/а, №10, №11 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м²;

- Ақтау қаласы 14 ш/а, №9 үй жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м²;

- Ақтау қаласы 27 ш/а, №25, №26 үйлер жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м²;

- Ақтау қаласы 28 ш/а, №29 үй жанында орналасқан мобильді сауда павильон, ауданы 21 м².

2) Жалпы ауданы 247,3 м2 әкімшілік ғимарат және жалпы ауданы 1 479,9 м2 қойма жайлары, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының «Хазар» гараж-құрылыс кооперативі ауданында 2 га жер учаскесінде орналасқан, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмері: 13-200-058-1179:

- №1 қойма 280,4 м²;

- №2 қойма 280,4 м²;

- №3 қойма 284,7 м²;

- №4 қойма 418,3 м²;

- көкөніс қоймасы 216 м².

Жоспарланған тендер өткізу күні: 2022 жылғы 27 желтоқсан сағат 12:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша).

        

  1. Жалпы ауданы 379,3 м2 әкімшілік ғимарат, Маңғыстау облысының Ақтау қаласында, №1 және «Ротор» гараж – құрылыс кооперативтері ауданындағы  0,0732 га жер учаскесінде орналасқан, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі 13-200-042-536.

Жоспарланған тендер өткізу күні: 2023 жылғы 4 қаңтар сағат 12:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша).

Ең төменгі жалдау ақысы мен кепілдік жарна сайтта кестеге сәйкес көрсетілген.

 

 

        

Тендерлік шарттар:

1)      Тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде өткізіледі;

2)      Мүліктік жалдау мерзімі - объектіні қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай;

3)      Мүліктік жалдау шартын жасасу мерзімі: тендер өткізілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.

4)      Мобильді сауда павильондар жабдықтармен жабдықталған және жабдықты жалға алу объектінің ең төменгі жалдау ақысына енгізілген (аталған тармақ тек мобильді сауда павильондарға қатысты);

5)   Жеңімпазға енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектісінің пайдаланғаны үшін төлемақының есебіне есептеледі;

6) Жалға берушінің уәкілетті өкілдері тұлғасында мүліктік жалдау шарты талаптарының және қолданыстағы заңнаманың сақталуын тексеру тұрғысында оларды мерзімді қарап-тексеру мақсатында объектіге кіруге құқығы бар. Тексеру жалдаушының жұмыс күні ішінде кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін;

7)  Жалға алушы объектіні жалға берушіге қайтарған сәтке дейін толық жарамды және тиісті санитарлық жағдайда ұстауға, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты болуға міндетті;

8)   Жалға алушы мүліктік жалдау шартына қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде өз есебінен сауда павильонын қоса берілген эскизге (№2 қосымша) сәйкес келтіруге міндетті (аталған тармақ тек мобильді сауда павильондарына қатысты);

9)  Мүліктік жалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде (не қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін) жалға берушінің жазбаша келісімімен жүргізілген бөлінбейтін жақсартулар олардың құнын өтемей жалға берушінің меншігіне өтеді;

10)    Жалға алушы берілген сауда павильонының сақталуына тиісті шаралар қолдануға міндетті;

11)    Жалға алушы объектіні ұстауға және оны пайдалануға байланысты туындайтын шығыстарды көтереді;

12) Объектіні жалдаушының кінәсінен пайдалануға жарамсыз күйге келтірген жағдайда өз қаражаты есебінен толық қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға міндетті;

13)Жалға алушы авариялық жағдайлар туындаған жағдайда жөндеу-пайдалану ұйымы, авариялық-техникалық қызметтер қызметкерлері мен жалға беруші өкілдерінің сауда павильонына дереу кіруін қамтамасыз етуге және олардың салдарын өз есебінен жоюға міндетті;

14)    Жалға алушы, егер ақаулар авариялық жағдайдың туындауына әкеп соғуы мүмкін болса, жалға берушіге объектідегі барлық ақаулар туралы дереу хабарлауға міндетті;

15)    Жалға алушы күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жалға берушіні мүліктік жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу және объектіні босату туралы жазбаша хабардар етуге міндетті;

16)    Мүліктік жалдау шарты объектінің мүліктік жалдауды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негіз болып табылады;

17)    Жалға алушының объектіні басқару жөніндегі құқықтары мен міндеттері жалға алушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша берілген сәттен бастап туындайды;

18)    Мүліктік жалдау үшін төлемге коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, жалдау объектісіне қызмет көрсету үшін төлемдер енгізілмейді;

19)    Жалдау ақысы ай сайын әр айдың 5 күнінен кешіктірілмей төленеді;

20)    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату үшін бұрыш бөлу (аталған тармақ тек мобильді сауда павильондарға қатысты);

21) Төбеге ішкі жөндеу жүргізу шартымен жалға алушы бір ай мөлшерінде жалдау ақысынан босатылады (аталған тармақ  Ақтау қаласы 27 ш/а. №25, №26 үйлер жанында және 28 ш/а № 29 үйдің жанында орналасқан мобильді сауда павильондарға ғана қатысты).

Толық ақпарат алу үшін 8 (7292) 53-53-34, 53-53-28, 53-53-50 телефондары немесе «Каспий» ӘКК» АҚ: Ақтау қаласы, 4 ш/а №19 ғимарат мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Объект атауы

Ең төменгі жалдау ақысы

1

4 ш/а, №58, №62 үйлер жанындағы  Павильон

53 159,09

2

5 ш/а, №24, №26 үйлер жанындағы  Павильон

52 324,13

3

6 ш/а, №10, №11 үйлер жанындағы  Павильон

54 143,95

4

14 ш/а, №9 үй жанындағы Павильон

53 724,60

5

27 ш/а, №25, №26 үйлер жанындағы  Павильон

52 152,27

6

28 ш/а, №29 үйлер жанындағы  Павильон

52 152,27

7

Әкімшілік ғимарат «Хазар» базасы

302 234,48

8

№1 қойма

102 806,16

9

№2 қойма

102 806,16

10

№3 қойма

104 382,72

11

№4 қойма

153 365,97

12

Көкөніс қоймасы

158 462,28

13

Әкімшілік ғимарат «Ротор» базасы

231778,28

 

 

 

Жел. 20, 2022