«Каспий» және «Алматы» ӘКК өкілдері өңіраралық ынтамақтастық туралы меморандум жасады

«Каспий» ӘКК» АҚ-ның басшылық құрамы Алматы қаласына жасаған іс сапарында «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барды. Сапар барысында «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпациясы өкілдері «Алматы» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымдары болып есептелетін  «Almaty Finance», «AlmatyMFO» қаржылық ұйымдарының, сондай-ақ индустриалды аймақ жұмысымен танысты.

Іскерлік сапар аясында екі тарап тәжірибе алмасып, алдағы уақытта жұмыс барысында берік ынтымақтастық орнатуға уағдаласты. Сонымен қатар тараптар Алматы қаласы мен Маңғыстау облысындағы өңіраралық өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілерды ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасауға жол ашады. Одан бөлек өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

Қар. 30, 2022