БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА!
Ағымдағы жылғы 11 ақпан күні облыстық және қалалық халықтық бақылау мониторингтік топ мүшелері Ақтау қаласындағы «Мағаш», «Асар-С» және “Көк Базар” сауда орталығында әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қоса, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ тұрақтандыру қорының келісім-шарттары бойынша өңірімізге БҚО және Атырау облыстарынан жеткізілген картоп өнімдерінеде мониторинг жүргізілді.
Нәтижесінде, тұрақтандыру қорындағы картоп өнімдерін облысымыздың аудан және қаладағы сауда дүкендеріне 160-168 теңге бағада өктізіліп келеді. Мониторингтік топ мүшелері сауда орындарына қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заңнамаларды қатаң бақылауға ұсынды.
Азық-түлік қауіпсіздік департаменті
Стабфонд жөнінде байланыс телефоны: +7 (7292) 291 146, 291 142, 291 144