Маңғыстаулық малшылар мұнайшыларға 70 тоннадан астам ет берді
Өткен жылдың қаңтар айында “Каспий” ӘКК” АҚ Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша өңірдің мұнай компаниялары үшін жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің етін жеткізу жобасын іске асыруға кірісті.
“Каспий” ӘКК” АҚ»:
Мал шаруашылығы өнімдерін (қой еті, жылқы еті және түйе еті) кепілді және тұрақты сатып алу, сондай-ақ мұнай компанияларын сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту үшін оларды Маңғыстау облысының мал өсірушілері өндіретін етті сатып алу процесіне тарту бойынша жұмыс жүргізілді.
“Каспий” ӘКК” АҚ – ның еншілес ұйымы – “Қарағантүбек”ЖШС ет өнімдерінің бас жеткізушісі болды. 2015 жылы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-мен ет жеткізу туралы Меморандумға қол қойылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұнай компаниясы жалпы сомасы 104 159 995 теңгеге 79,07 тонна ет (жылқы еті 25,02 тонна, түйе еті 40 тонна және қой еті 14,05 тонна) сатып алды.
Ақпарат көзі: https://tumba.kz/