Маңғыстау облысының өңірлері мен Ақтау қаласында автобус паркін жаңарту жобасы.

10.02.2025

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №СД-84/11-2021-СПК шешімі негізінде «Ақтау қаласы және Маңғыстау облысының өңірлері автобус паркін жаңарту» жобасын «Жолаушы Ақтау» ЖШС және «Ахметнабиев Руслан Слямханович» ЖК-мен бірлесіп жүзеге асыруға келісім алды.

Жобаның мақсаты: Ақтау қаласы бойынша №2, №4 маршруттарға SAZ LE60 маркалы 12 автобус және Ақтау – Мұнайлы ауданы №105 маршрутына Yutong ZK6116HG маркалы 16 автобус сатып алу 

Жобаны іске асыру мерзімі: 2022-2029 жж.

Жобаның мәртебесі: 2022 жылғы 1 шілдеде 12 автобус Ақтау қаласы бойынша №2, №4 маршруттарға пайдалануға берілді. 2022 жылғы 25 қазанда «Ақтау – Басқұдық – Ақтау» №105 маршрутқа 16 автобус берілді.