Маңғыстау облысында жаңа автобустар іске қосылды.

11.02.2025

Бүгін 11 ақпанда Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау бағытына 6 автобус және Маңғыстау ауданындағы елді мекендерді аудан орталығы – Шетпе ауылымен байланыстыратын 10 жаңа автобустар берілді.

Аталған бастама «ӘКК «Каспий» АҚ мен «Caspian Trans Corporation» ЖШС-нің бірлескен жобасы аясында жүзеге асты. Автобустарды тапсыру рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі, қоғамдық кеңес төрағасы, сондай-ақ Маңғыстау ауданы мен Жаңаөзен қаласының тұрғындары қатысты.

Жаңа қоғамдық көлік өңір тұрғындарының сапалы әрі жайлы қатынауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.