Бағаны тұрақтандыру үшін Маңғыстау облысына картоп жеткізу.
Бүгінгі күндегі Республика бойынша картоп бағасының өсім көрсетуіне байланысты, «Каспий» ӘКК» АҚ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облысымызға 30 тонна картоп жеткізілді. Тауарлық интервенция жасау мақсатында Маңғыстау облысындағы ірі супермаркеттер желісінде тұтынушыға килограммы 176 теңгеден сатылуда. Картоп бағасының одан әрі өсуін болдырмау үшін тұрақтандыру қоры арқылы мерзімді түрде сату жүргізілетін болады. Өндірушілерден тұрақтандыру қорына картоп өнімі қажеттілігіне қарай жеткізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Жоғарыдағы тауарлар белгіленген бағалардан қымбат сатылған жағдайда жергілікті әкімдікке немесе төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Азық-түлік қауіпсіздік департаменті: 8 (7292) 291 142; 291 143; 291 144; 291 146.