Сатылымға тұрақтандырылған бағамен тауық жұмыртқалары түсті: Дана үшін 51,7 теңге
04.03.2025
2025 жылғы 1 наурызда «Каспий» ӘКК» АҚ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қоры аясында облысқа 1 санаттағы 302 400 дана тауық жұмыртқасы жеткізілді. Алдағы уақытта «Altyn Food» супермаркеттер желісінде тұтынушыларға бір дана жұмыртқа 51,7 теңгеден сатылады (үстемақы – 10%).
Жоғарыдағы тауарлар белгіленген бағалардан қымбат сатылған жағдайда жергілікті әкімдікке немесе төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Азық-түлік қауіпсіздік департаменті: 8 (7292) 291 142; 291 143; 291 144; 291 146