«Каспий» ӘКК» АҚ Ақтау қаласы, 33-шағын аудан, “Аққу-1” ТК, №30 және №32 үй мекенжайында орналасқан тұрғын емес коммерциялық үй-жайларды төмендегі лоттар бойынша сату үшін сатып алушыны таңдау (іріктеу) бойынша ашық тендер өткізетіндігі туралы хабарлайды

30.06.2021

№ 1 Лот Ақтау қаласы, 33 шағын аудан, “Аққу-1” ТК, №30 үй, “А” блогы (бірінші, екінші және үшінші подъездің жертөлесі) мекенжайындағы жертөледе орналасқан, жалпы құны 66 117 325 (алпыс алты миллион бір жүз он жеті мың үш жүз жиырма бес) теңге үш тұрғын емес үй-жай;

№ 2 Лот Ақтау қаласы, 33 шағын аудан, “Аққу-1” ТК, №30 үй, “Б” блогы (төртінші, бесінші және алтыншы подъездің жертөлесі) мекенжайы бойынша жертөледе орналасқан үш тұрғын емес үй-жай, сондай-ақ Ақтау қаласы, 33 шағын аудан, “Аққу-1” ТК, №30 үй, “Б” блогы мекенжайы бойынша бірінші қабатта орналасқан үш тұрғын емес коммерциялық үй-жай (төртінші, бесінші және алтыншы подъездің бірінші қабаты). № 2 лоттың жалпы құны 190 655 133 (бір жүз тоқсан миллион алты жүз елу бес мың бір жүз отыз үш) теңгені құрайды;

№ 3  Лот Ақтау қаласы, 33 шағын аудан, “Аққу-1” ТК, №32 үй, “А1, А2, А3” блоктары (екінші, үшінші және төртінші подъездердің астыңғы қабаты) мекен-жайында орналасқан, жалпы құны 72 654 727(жетпіс екі миллион алты жүз елу төрт мың жеті жүз жиырма жеті) теңге үш тұрғын емес үй-жай;

Қатысушылардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін сатып алушылар, олардың уәкілетті өкілдері қолма-қол немесе Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 4 А ш/а мекен-жайы бойынша пошта байланысы құралдарын пайдалана отырып қабылдайды. Жағалау аймағы ауданында №19 әкімшілік ғимарат, “Каспий” ӘКК” АҚ кеңсесі, 209, 211 кабинет, 2021 жылғы “15” шілдеге дейінгі мерзімде, уақыты: 10.00 (өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі).

Ақпарат орналастырылатын Веб-сайт: www.сaspiy.kz.

Тендерлік құжаттаманың, техникалық ерекшеліктің және тұрғын емес үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың электрондық нұсқасы тегін ұсынылады және www.сaspiy.kz. сайтында.

Тендерге қатысушыларды тіркеу жөніндегі жауапты тұлға тендерлік комиссияның хатшысы     А.Б. Жумагалиева моб.тел.8(701) 5127880; моб.тел (Ватсап) 8(708) 651 6253, пошталық электрондық мекен-жайы: caspiy_build@mail.ru.

 

тендерлік құжаттар