ӨҢІРІМІЗДЕ ПОЛИМЕРЛІК ҚАПТАМА ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

29.10.2020

Бұл өндіріс үш мекеменің қатысуымен жүзеге аспақ : “Ақтау теңіз порты” АЭА, “Каспий” ӘКК” АҚ және “Достық полимер плюс” ЖШС.

“Ақтау Теңіз Порты” АЭА осы жерде орналасқан өндіріс ошақтарына, мекемелерге бірнеше түрлі салықтық жеңілдіктер қарастырылғандықтан сол жерде орналасқаны өте тиімді. “Каспий” ӘКК “АҚ өз тарапынан қаржылық қолдау көрсетеді , яғни , облыс әкімінің қолдауымен бюджеттен арнай қаржы бөлінеді. ” Достық полимер плюс” ЖШС осы өңірге қажетті, сырттан келетін тауарлардың орнын басатын полимерлік ыдыстарды, қаптамаларды т.б. бұйымдарды шығарады.

Жобаның жалпы құны 434 млн. теңгені құрайды. Алғашқы өнім ағымдағы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі деген жоспар бар.