Тұрақтандыру қорындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар туралы
15.03.2025
«Каспий» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы 15 наурыз күні жұмыс барысымен Ақтау қаласында орналасқан азық-түлік тауарларын сақтайтын «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС қоймасына барды.
Қоймадағы тұрақтандыру қорындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға мониторинг жүргізілді. Тұрақтандыру қоры – облысымыздың азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған.
Бүгінгі күнде тұрақтандыру қорындағы қоймада 300 тоннадан асатын тауарлар бар, оның ішінде: қант, қарақұмық, күнбағыс майы, макарон өнімдері күріш және ас тұзы.
Тұрғындардың сұранысына және ӘМАТ бағасының күрт өсуін тежеу мақсатында қоймаға тауарлар уақытылы жеткізіліп және сауда нүктелеріне интервенция жүргізіліп отырады.

Күн электр станциясын салу
Үйкылы ” питомниктерін қалпына келтіру және дамыту»
Ақтау қаласының автобус паркін жаңарту 
