Су тұщыту зауыттарын салу мәселелері бойынша кездесу өтті.
06.02.2025
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында “Каспий “ӘКК” АҚ Басқарма төрағасы А. Х. Молдағұловтың “Каспий “Тұщыту зауыты”ЖШС басшысымен С. Г. Гусманмен кездесуі өтті. Келіссөздер барысында суды тұщыту және сүзгілерді өндіру бойынша жаңа кәсіпорындар салуға қатысты мәселелер талқыланды.
Осыған байланысты су тазарту технологияларын дамытуға және өңірді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыру үшін “Каспий” ӘКК” АҚ басшылығымен ынтымақтастық нұсқалары ұсынылды