«СПК «Каспий» және «МӨЭК» АҚ басшылығының кездесуі: энергетикалық желілерді жаңғырту мәселесі талқыланды.
10.02.2025
Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні, “ӘКК “Каспий” АҚ Басқарма Төрағасы А.Х Молдагулов Маңғыстау өңірлі электртораптық компаниясының (АҚ «МӨЭК») басшысымен Қ.Ғ Сыздықовпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында “ӘКК “Каспий” АҚ-нің еншілес компаниясы – “Индустриалды парк Маңғыстау” ЖШС балансындағы қосалқы станциялар мен электр тарату желілерінің ағымдағы жағдайы талқыланды. Сонымен қатар, олардың жаңғыртылуына қатысты ұсыныстар таныстырылып, тараптар өзара пікір алмасты.