Дәрігердерге көмек

06.08.2020

Өңірімізде COVID-19 дертімен күресуге қатысты жұмысты үйлестіру, оның ішінде дәрігерлер мен олардың жанұяларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, еліміздің өзге өңірлерінен және Ресей Федерациясы мен келген мамандар, әскери дәрігерлер, сондай-ақ қаламыздың дәрігерлері қонақ үйлерге орналастырылғаны баршамызға белгілі. Қонақ үйлерге орналастырылған ақ халатты абзал жандарды тасымалдауға көліктер, түскі және кешкі аспен қамтамасыз етуге әкімшілік тарапынан және өңіріміздің кәсіпкерлері мен мекемелері белсене көмек көрсетуде.

Осы қатарда, «Каспий» ӘКК АҚ-ы да өзіндік үлесін қосуда. Атап айтқанда, дәрігерлерімізге қолдау көрсетуде «Каспий» ӘКК АҚ-мен тығыз қарым-қатынастағы өңірімізге азық-түлікпен тұрақты түрде қамтамасыз етуге жұмыстанған кәсіпкерлеріміз ерікті түрде көмек көрсетуге ұсыныстарымызды қолдап, ауызбіршілікпен бірлесе атсалысқандығын айтпай кетуге болмайды.

Мысалға, «Сауқымбек» ЖШС-нің сыйға тартқан жылқысының қазы-қарта, жал-жаясы адам өмірі үшін ажалмен арпалысқан дәрігер мамандарымызға «Берекет-Ф» ЖШС-нің басшысы Фаталиева Заретаның білікті ұйымдастырылуымен ет асылып, ыстық тамақ ретінде қонақүйлерге таратылды.

Аталған қолдау шараларына белсене атсалысқан:

– «Муса Нан» ЖШС ​​- 120 қорап (720 литр) ауыз су;

– «Нұр-айса» ЖШС​​- 10 жәшік алма;

– «АДМ Компани» ЖШС​- 7 қорап сүт және гречка, күріш, қант (3 қап);

– «Қалмұрат» ШҚ ​- 2 жәшік алма, баклажан, қауын, қырыққабат, қарбыз (5 қап);

– «Қолтаева» ЖК​- картоп, сәбіз, баклажан, қырыққабат, қарбыз-қауын, (6 қап);

– «Тотоева» ЖК ​- 4 жәшік алма және картоп, сәбіз, қырыққабат, жуа (10 қап),

табыстаған кәсіпкерлерімізге айтар алғысымыз шексіз.

Тағы бір айта кететіні – картоп, сәбіз, қырыққабат, жуа, алма сияқты көкөністермен апта сайын тұрақты түрде қамтамасыз етіп отыруға ұсыныс беріп отырған «Тотоева» ЖК-нің иесі Тотоева Лянаға ерекше ықыласпен ризашылығымызды білдіреміз.

Осындай қиын-қыстау кезде халықпен бірге болып, аты жаман індетпен күресу жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жасаған көмектеріңізді Алла қабыл етсін, еңбектеріңіздің берекесін көріңіздер, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Сіздердің адал ниеттеріңізге, ізгі амалдарыңызға «Каспий» ӘКК АҚ-ы атынан шексіз алғысымызды айтамыз.

 

Игі тілекпен:

«Каспий» ӘКК» АҚ

Басқарма Төрағасы ​​​​​​​ А.М.Меңдібаев