Үш жақты меморандумға қол қойылды
Шараға Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов, “Каспий “ӘКК” АҚ Басқарма төрағасы Жомарт Әбиесов және “СарыарқаАвтоПром” ЖШС директоры Сырым Семейбаев қатысты.
Меморандум аясында “Ankai” маркалы автобустың пайдалану сапаларына тестілік зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Алдағы айдың ішінде қала тұрғындары мен қонақтарында жаңа автобустың тұтынушылық және пайдалану қасиеттерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Зерттеу нәтижесі қанағаттанарлық болған жағдайда “Каспий” ӘКК ” АҚ Маңғыстау облысының автобус паркін жаңарту үшін 70 автобус сатып алу мүмкіндігін қарастырады.
Компримирленген табиғи газды пайдаланудың артықшылығы оның экологиялылығы болып табылады. Пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың мөлшері дизель отынын пайдаланғаннан әлдеқайда төмен, бұл атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендетеді. Бұдан басқа, құны дизель отынының құнынан әлдеқайда төмен.
Сонымен қатар, Ғалымжан Ниязовпен кездесу барысында Ақтау қаласының аумағында жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін пилоттық жоба қаралды. Жоба аясында “Каспий “ӘКК” корпорациясы 18 электравтобус сатып алуды және осы автобустар жүретін жаңа маршрут құруды жоспарлап отыр.
Тараптар меморандумға сәйкес барлық тармақтарды сақтауға дайын екендіктерін білдірді.
“Каспий” ӘКК ” АҚ баспасөз қызметі»