Маңғыстау облысының әкімі, «Каспий» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы С.Ө. Трұмовтың төрағалығымен 2020 жылғы 17 маусымда «Каспий» ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелер қаралды.

17.06.2020

Қаралатын мәселелер бойынша Басқарма төрағасы, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі – А.М. Меңдібаев сөз сөйледі.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау кезінде Қоғамның, оның еншілес және тәуелді ұйымдарының Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік, инвестициялық жобаларды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі бірлескен қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар талқыланды.