Өңірімізге ағымдағы жылғы жеткізілген және жеткізілетін мал азығы бойынша ақпарат

25.08.2021
«Каспий» ӘКК» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) өңіріміздегі құрғақшылыққа байланысты 2021 жылға жоспарланған мал азығымен қамтамасыз ету жұмыстары Маңғыстау облысының ауыл шаруашылық басқармасымен бірлесіп, арпа жемін сатып алу жөнінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ биржадан 07.06.2021 жылы №14/122 келісім-шарт жасалып, 54 170 мың теңгеге, 637,294 тонна, яғни, 10 вагон арпа алынды. Маңғыстау облысына 20.06.2021 жылы жеткізілді. Аталған 10 вагон әр ауданға теңдей бөлінді.
10 вагон арпа толықтай сатылып, қайтарылған қаржыға қосымша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-мен брокерлік қызмет арқылы биржадан 09.07.2021 жылы №14/145 келісім-шарт жасақталып, 546,304 тонна, яғни 9 вагон арпа жемі сатып алынды. Атап айтар болсақ:
-Маңғыстау ауданы 1 вагон;
-Түпқараған ауданы 2 вагон;
-Мұнайлы ауданы 2 вагон;
-Қарақия ауданы 2 вагон;
-Жаңаөзен қаласы 2 вагон;
Аталған 19 вагон аудандармен Жаңаөзен қаласына жеткізіліп, әр килограммына аудан, қала әкімдіктері белгілеген операторларға 87 теңгеден сатылды.
Алдағы уақытта «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен Қоғам арасында биржадан 983,387 тонна 3,4 классты бидай жемін алу жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Каспий» ӘКК» АҚ аудандар мен қалалар ұсынған операторларға 0,1% – бен 15 желтоқсан 2021 жыл мерзіміне дейін 150 млн. теңге көлемінде қаражатты несие ретінде берді. Келісім-шарт бойынша 1 кг шөп 55 теңгеден сатылуы міндеттелді. Атап айтсақ:
1) Маңғыстау ауданының операторы-ЖК «Жаниш», 20 млн. теңге несие алды. Жеткізуге міндеттелген шөптің көлемі-363,636 тонна. Жеткізілген шөптің көлемі-58,36 тонна. Телефон нөмірі-8 701 270 07 02;
2) Қарақия және Маңғыстау аудандарының операторы-«Кобда-Beef» ЖШС, 30 млн. теңге несие алды. Жеткізуге міндеттелген шөптің көлемі-909,09 тонна. Жеткізілген шөптің көлемі-204 тонна. Телефон нөмірі-8 701 361 01 31;
3) Мұнайлы ауданының операторы-«ZholymATA» ЖШС, 20 млн. теңге несие алды. Жеткізуге міндеттелген шөптің көлемі-363,636 тонна. Жеткізілген шөптің көлемі-72 тонна. Телефон нөмірі-8 775 081 01 18;
4) Түпқараған ауданының операторы-ЖК «Кыдыр Канат», 35 млн. теңге несие алды. Жеткізуге міндеттелген шөптің көлемі-363,636 тонна Жеткізілген шөптің көлемі-145,9 тонна. Телефон нөмірі-8701 777 26 56;
5) Жаңаөзен қаласының операторы-КХ «Нурдария», 20 млн.теңге несие алды. Жеткізуге міндеттелген шөптің көлемі-363,636 тонна. Тел. нөмірі-8702 068 55 64;
Осы аталған операторлардың шөпті жеткізуі, сатуы және т.б. сұрақтарыңыз бойынша тиісті аудан, қала әкімдіктеріне хабарласуыңызды сұраймыз. (Осы айтылған мәселелерге жауапты аудан және қала әкімдіктері екенін қаперіңізге береміз).
​Өңіріміздегі мал азығы қорын тұрақтандыру мақсатында қосымша 600 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа оператор тағайындау мақсатында, аудан және қала әкімдіктері кандидатура ұсынуда. Қосымша шөп жеткізуге оператор болу үшін аудан және қала әкімдіктеріне хабарласуыңызды сұраймыз.