МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

10.02.2021

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Абзал Меңдібаев тағайындалды.

 

Абзал Меңдібайұлы 1977 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Қайнар» Университетін және Қазақ ұлттық техникалық университетін халықаралық экономист, тау-кен инженері мамандықтары бойынша тәмамдаған.

 

Еңбек жолын 1997 жылы мұнай және газ жөніндегі оператор болып бастаған. Мұнай газ саласында түрлі лауазымдық қызметтерді атқарды. 2016 жылы «КазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Шағырлы-Шөмішті» филиалының директоры қызметін атқарған. 2020 жылдан осы күнге дейін «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымында болған.

 

Маңғыстау облысының әкімдігі