Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарлануда
«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына барды. Сапар барысында ол «Ақтау ет соғым» ЖШС директоры Бауыржанмен кездесті. Аталған кәсіпорын ірі қара малды бордақылау және союмен айналысады.
Кәсіпорынның жұмысымен танысқан өндірісті кеңейтіп, ет шаруашылығының тиімділігін арттыру мақсатында «Ақтау ет соғым» ЖШС базасында кооператив құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Өз кезегінде Бауыржан бұл бастаманы қолдап, кооператив құру Маңғыстау облысын сапалы ет өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Жоспар бойынша бордақылау алаңдары құрылып, ірі және ұсақ мал өсірілмек, сондай-ақ ет өнімдерін қайта өңдеу мен өткізу ұйымдастырылатын болады. Бұл жоба өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына серпін бермек.
«Каспий» ӘКК» АҚ Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында белсенді жұмысын жалғастырып, инвестициялар тартуға, заманауи технологияларды енгізуге және жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға ықпал етуде.