Маңғыстау облысының бюджеттік резервінен аудандарды мал азығымен қамту мақсатында 600 млн. теңге бөлінуде

09.08.2021

Қазіргі таңдағы өңіріміздегі қуаңшылыққа байланысты, Маңғыстау облысының бюджеттік резервінен аудандарды мал азығымен қамту мақсатында 600 млн. теңге бөлінуде. Бөлінген сома 0,1% – бен 2022 жылдың сәуір айына дейін несие ретінде әр ауданнан тағайындалған операторларға берілетін болады. Толығырақ ақпарат алу үшін «Каспий» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына немесе Маңғыстау облысының аудандарының әкімдіктеріне хабарласуыңызды сұраймыз!