Маңғыстау облысында мал бордақылау алаңдарын дамыту және ірі қара малдың экспорты.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылау шеңберінде “Каспий” ӘКК” АҚ Басқарма Төрағасы Молдагуловтың А.Х. “EurasiaTransLogistics” ЖШС директоры Ж.С. Досбаевпен кездесуі өтті. Келіссөздер барысында Маңғыстау облысында бордақылау алаңдарын ұйымдастыру және өзге мемлекеттерге ірі қара малдың (ІҚМ) экспортын дамыту перспективалары қаралды.
Мал шаруашылықтарында қолданылатын технологиялар үй-жайларды салуға және күтіп-ұстауға ең аз шығындармен етті мал шаруашылығының өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бордақылау алаңдары саланың дамуына ықпал ететін бірқатар артықшылықтарға ие:
Экономикалық пайданың артуы-мал бордақылау алаңдары ІҚМ етінің салмағын мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, бұл пайданың өсуіне тікелей әсер етеді. Жануарлар сау өсу мен дамуды қамтамасыз ететін теңдестірілген тамақтануды алады.
Экспорттық әлеуетті дамыту-бордақылау алаңдарын құру жоғары сапалы ет өндіру көлемін ұлғайтуға және өткізу нарықтарын, оның ішінде өзге мемлекеттерге кеңейтуге ықпал етеді.