ӨҢІРІМІЗГЕ КЕЛГЕН МАЛ АЗЫҒЫН БАҚЫЛАУ

10.09.2021
Басқарма төрағасының тапсырмасына сәйкес өңірімізге келген мал азығын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топ Түпқараған ауданы және Жаңаөзен қаласына барып келген болатын. Әр аудан, қалаға бөлінген опреаторлар бақылауда болады. Келісім шарт бойынша жұмыс жасамаған жағдайда акт толтырылып, жергілікті әкімдікке ескертіледі.
Түпқараған ауданының операторы-ЖК «Кыдыр Канат», 35 млн. теңге несие алды. Жеткізуге міндеттелген шөптің көлемі-363,636 тонна Жеткізілген шөптің көлемі-145,9 тонна. Телефон нөмірі-8701 777 26 56;
Жаңаөзен қаласының операторы-КХ «Нурдария», 20 млн.теңге несие алды. Жеткізуге міндеттелген шөптің көлемі – 363,636 тонна. Тел. нөмірі-8702 068 55 64;