«Каспий» су тұшыту» зауыты Ақтау қаласын және Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы салынған.

03.02.2021

«Каспий» су тұшыту» зауыты Ақтау қаласын және Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы салынған.  Әлемдегі озық практикаға сәйкес зауыт кері осмос әдісі арқылы су тұшыту процессін пайдаланады. Технологиялық процесс ауыз суды дайындайтын және тұзссыздандыратын  екі негізгі цехтан тұрады. 2017 жылы зауытта бірінші модернизация жүргізіліп, жобалық қуат  тәулігіне 20000 м³ су өндіруге дейін жеткізілді. Өндірілген ауыз су негізінен Мұнайлы және Қарақия ауданының тұрғындарына жеткізіледі. Қазіргі кезде тұрақты жұмыс жасап тұрған технологиялық құрал-жабдықтар мен ауыстырылуға тиісті құрылғылардың (мембрана, фильтр) жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты тәуліктік ауыз су өнімділігі жобадан төмен деңгейде. 2021 жылы осы мақсатқа 600 млн теңге көлемінде қаражат бөліну жоспарланған. Аталған  құрылғыларды жаңартып, ауыстырған соң және технологиялық процесстерді оңтайландырған соң биылғы жылы тәуліктік өндірілетін ауыз су мөлшерін 24000 м³ деңгейіне ұлғайту жоспарлануда.

 

Сонымен қатар, жыл өткен сайын саны көбейіп келе жатқан Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия аудандарының тұрғындарының қажеттілігін өтеу мақсатында «Каспий» су тұшыту зауытын тәулігіне  40000 м³ сапалы ауыз су өндіруге дейін кеңейту» нысанын жобалауға және құрылысын салуға 2019 жылы мердігермен келісім-шарт жасақталды. Осы мақсатқа Республикалық бюджеттен қайтарымды қаражат бөлінді.  Әлемдегі пандемияға байланысты жоспарланған жұмыстар кешеуілдеп жүзеге асырылуда.  Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттар мемелекеттік экспертизадан өткізілуде. Негізігі технологиялық жабдықтарға (шетелде жасалатын) сұраныстар беріліп, жинақталуда. Биылғы жылы бұл жұмыстардың  да жүзеге асырылуы басталады.