“Каспий” ӘКК ” АҚ басшылығының Қазақстандағы Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуі
4 наурызда “Каспий “ӘКК” АҚ Басқарма Төрағасы Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Басқарма төрағасы “Каспий” ӘКК қызметін Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін өңірлік институт ретінде таныстырды.
Елші мырза өз кезегінде өзбек кәсіпкерлерінің өңір аумағына көкөністер мен жемістерді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) жеткізуді ұлғайтуға дайындығын атап өтті. Сонымен қатар, Бахтиер Ибрагимов экономиканың басқа секторларында да ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.
Кездесу сындарлы атмосферада өтті, тараптар өзара іс-қимылдың нақты тетіктерін талқылауды жалғастыруға келісті.