“Каспий” ӘКК” АҚ Басқарма Төрағасының Қарақия ауданына жұмыс сапары.

06.02.2025

Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні “Каспий” ӘКК” АҚ Басқарма Төрағасы Молдагулов А.Х. Қарақия ауданына іссапармен барды. Іссапар барысында Қарақия ауданының әкімі Төретаев С.Қ, жергілікті кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындарымен кездесулер өтті.

Кездесулерде “Каспий” ӘКК” АҚ -ның бірлескен қызметі, келісімшарт аясында қаржыландыру мәселелері, жобаны жүзеге асыратын заңды тұлғаның акционерлер мен қатысушылар құрамына енуі арқылы жобаға қатысу және оның кейінгі қаржыландыру мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, “Ауыл аманаты” бағдарламасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту шаралары және операторларды іске қосу мәселелері талқыланып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жергілікті халыққа ақпарат берілді.

Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі шаралар және “ауыл Аманаты”бағдарламасы бойынша қарыз алушыларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Аудан тұрғындарына осы бағыттағы ағымдағы жұмыс туралы ақпарат берілді.