“Каспий” ӘКК” АҚ Басқарма Төрағасының Бейнеу ауданына жұмыс сапары.

05.02.2025

Ағымдағы жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында “Каспий” ӘКК” АҚ Басқарма Төрағасы Молдагулов А.Х. Бейнеу ауданына іссапармен барды. Іссапар барысында Бейнеу ауданының әкімімен, жергілікті кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындарымен кездесулер өтті.

Кездесулерде “Каспий” ӘКК” АҚ -ның бірлескен қызметі, келісімшарт аясында қаржыландыру мәселелері, жобаны жүзеге асыратын заңды тұлғаның акционерлер мен қатысушылар құрамына енуі арқылы жобаға қатысу және оның кейінгі қаржыландыру мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, “Ауыл аманаты” бағдарламасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту шаралары және операторларды іске қосу мәселелері талқыланып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жергілікті халыққа ақпарат берілді.

Сапар аясында әкімдікпен бірге “Каспий” ӘКК” АҚ тарапынан Бейнеу ұн терминалына да бару ұйымдастырылып, онда терминалдың қазіргі жағдайы мен жұмыс барысы таныстырылды.