“Каспий” ӘКК” АҚ Басқарма төрағасы ешкі сүт өнімдерін өндіруді кеңейту үшін “7Lak” ЖК базасында кооператив құруды ұсынды.

11.03.2025

«”Каспий” ӘКК ” АҚ Басқарма Төрағасы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына барды. Сапар аясында ол “7Lak” ЖК директоры А.Григоловамен кездесті, оның кәсіпорны ешкі сүт өнімдерін өндірумен айналысады. Өндірілетін өнімдердің ассортименті – ірімшік, йогурт, ешкі сүті түрінде.

Сапар барысында Басқарма Төрағасы компанияның қызметімен танысып, ешкі сүт өнімдерінің өндірісін кеңейту және тиімділігін арттыру үшін “7Lak” базасында кооператив құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Александра Григолова кооперативтік тәсіл өнімнің қуатын кеңейтуге, сондай-ақ шикізатты тұрақты, сапалы сатып алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген бастаманы қолдады.

“Каспий” ӘКК ” АҚ инвестицияларды тартуға, заманауи технологияларды енгізуге және жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға ықпал ете отырып, Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.