Картоп өнімінің бағасын тұрақтандыру туралы.

29.03.2025

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіндегі картоп өнімінің бағаларын аудан және қалаларда тұрақтандыру мақсатында бүгін Павлодар өңірінен 73 тонна құрайтын екі жүк көлігімен картоп өнімі жеткізілді.

Аталған картоп өнімі Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандарында және Жаңаөзен қаласына нарықтық бағалардан төмен бағада жеткізілуде.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

Жоғарыдағы тауарлар бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жергілікті әкімдікке немесе төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Азық-түлік қауіпсіздік қызметі: 8 (7292) 291 142; 291 143; 291 144; 291 146.